
Тәуелсіздік. Әр адамның, әр халықтың көздейтіні – еркіндік, азаттық. Сондықтан да әрбір қазақ үшін тәуелсіздіктен асқан қастерлі ұғым жоқ. Биыл тәуелсіздікке- 30 жыл. Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін ең алдымен өзіміздің ата- бабаларымыздан мирас болып келе жатқан салт– дәстүрімізді, шұрайлы тіліміз бен мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтай отырып, өскелең ұрпақты осы асыл қазынамыз арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеу кезек күттірмес міндеттердің бірі. Өскелең ұрпақтың азаматтық тектілігін қалыптастыру мақсатында оларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, отбасылық құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу басты парызымыз болып санлады. Тәуелсіздік алған жыдардан бері жыл сайын облыс, республика бойынша мерейлі отбасы байқауы өткізііп, жүлдеге ие болғандар қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталып келеді. Байқауға қатынасушылар отбасы саны жылдан жылға көбейіп келеді. Бұл кеңестік империя тұсында болмаған жағдай еді. Дінге қарсы атейстік тәрбие деген жүргізілетін еді. Көксу ауданындағы Алғабас колхозының бір шопанын ертеңгілік уақытта партком хатшысы партия мүшелігіне өткізуге кеңсеге шақырады. Шақырушы оның үйінде намаз оқып жатқанын айтып келеді. Онда намаз оқитын адамды партия мүшелігіне қабылдауға болмайды деп өткізбей тастайды. Партком хатшысы, ауылдық кеңес атқару комитетінің қызметкерлері туыс- жақындары қайтыс болып, жерлеуге қабыр басына барғанда имам құран оқыған кезде олар қол жаймай, шеткеірек барып, әңгімелескен болып, теріс қарап тұратын. Сол жылдары бір ауылдың тұрғындары жаз маусымы жаңбырсыз болғандықтан тұрғындардың жаңбыр тілеп, тасаттық бергені үшін біреудің арызы бойынша партком хатшысы қызметінен босатылды. Сол бір кеңестік кезең тұсындағы мына бр жайт та ойға оралады. Жаз күнінде Балқаш ауданында бір ауылда мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары болып қызмет істейтін адам қайтыс болады. Ауылдық имам бір алыс жаққа жолаушылап кеткен екен. Күн болса ыстық, күйіп тұр. Мектеп директоры егде жастағы адам екен, құранды біледі екен. Қайтыс болған адамның әйелі күйеуінің жаназасын шығаруды әбден жалынып өтінеді. Амалсыздан директор білгенінше жаназасын шығарады. Сол кезде директорды жақтырмайтын бір жас мұғалім білдірмей суретке түсіріп алады да жоғары жаққа арыз ғып жібереді. Тексеру келіп директорды қызметінен босатып, есеп карточкасына жазылған қатаң сөгіс береді. Тәуелсіздік алғалы мұндай кедергілердің бәрі жойылып, келмеске кетті. Ар намысы, патриоттық рухы жоғары қайсар азаматты тәрбиелеу, қарттардың бай тәжірибесін, ұлағатты өмірлік ұстанымдарын өскелең ұрпаққа аманаттау. Үлкендерге ілтипат, құрмет көрсету тұрғысында насихаттап отырғанымыз абзал.
Нұртай Қыдыралыұлы,
ҚР білім беру ісінің үздігі, Еңбек ардагері.