
Мен 1957-1960 жылдары Кеңес Одағының Батыры Матай Байысов атындағы Шұбар орта мектебінде оқып, онжылдықты бітірдім. Сол жылдары Нұрмолданы жүзбе-жүз көріп, ол кісі туралы халықтың айтқан мақтау сөзін, ол кісіге берген бағасын жиі еститінмін.
...1957 жылдың қоңыр күзі еді. Мен жездем Социалистік Еңбек Ері, егіс бригадирі Аппақ Мүсәпіровтің үйінде тұрып оқып жатқанмын. Ол кезде Алғабас ауылында жетіжылдық мектеп қана болатын. Ауылға екі ай қатынамаған мен 2-тоқсан аяқталған соң бір-екі күнге үйге барып қайтпақ болдым. Жездем Алматыға кетіп бара жатқан Нұрмолдаға Қызылтоғанға дейін ала кетуіне келісіп, мен ол кісінің Волга жеңіл көлігіне отырғызып жіберді. Нұрмолда аға жолда менен қалай оқып жатқанымды сұрады.Мен орыс тілі мен алгебрадан қинала үлгеріп жүргенімді, бақа ауылдардағы жеті жылдық мектепті бітіріп келгендердің ішінен бес-алты пәннен үлгермеген 7-8 оқушыны мектептен шығарғанын айттым. Ол кісі жас кезде жақсылап оқып, терең білім алу керектігін, білімді мыңды жығатынын, келешек білімді жастардыкі екендігін тілге тиек етті.
...Сол елуінші жылдардың өзінде Шұбар ауылынжа жергілікті радио торабы жұмыс істейтін еді. Көпшілік жиналыстары клубтың ішінде өтіп қана қоймай, ондағы айтылған жайлар бірден радио арқылы барлық үйлерге тарайтын. Сонда клубтағы жиналысқа бармаған бала –шаға, кемпір –шалдар үйлеріндегі радиодан Нұрмолданың сөзін зейін қойып, ұйып тыңдайтын. Сонымен қатар ол ауылдағы зейнеткер қарттарды да кеңсеге, кейде үйіне шақырып алып, олапрды қандай мұқтаждары бар екенін сұрап білетін. Шаруашылықтың науқандық жұмыстарының барысы жөнінде де олардың пікірін, кеңесін тыңдап, өзінің ой елегінен өткізіп қорытып, керегін пайдаланып отыратын. 1950-1960 жылдардың өзінде Шұбар ауылының бейнесі қала іспеттес еді. Жаздық, қыстық клуб, екі қатарлы кеңсе, мектеп, балалар бақшасы, қонақ үй, селолық универмаг, демалыс паркі, айнадай жарқырап жатқан асфальт көше, біріңғай ақ шатырлы зәулім ақ шаңқан үйлер тағы-тағылар бейне бір қаланы көз алдыңа елестететін. Ұжым тәртібі қатаң сақталатын.
Нұрмолда аға ең алдымен адам тәрбиесін бірінші кезекке қояатын. Ұрлы-қарлық адамдар үшін жат болатын. Үйіне дер кезінде отыны,жемшөбі, қауын-қарбызы, бидай, ұны, қанты жеткізіліп тұрса, нан, ет-сүт, көкөніс колхоздардың дүкенінен күнделікті сатыолып тұрса жағымсыз құбылысқа қашан да орын жоқ қой. Сол кездің өзінде - ақ колхозшылар ауқатты тұратын.
Нұрмолданы аудан басшылары шақырып алып, Карл Маркс атындағы колхозға басқарма бастығы болып баруға келісімін алыпты. Сол кезде ол кісі «маған Алғабас колхозын берсеңіздер де болады», - депті деген сөз бар ел ішінде. –Егер мен Алғабас колхозына бастық болсам Быжы өзенінен бөгет жасап, Шақпақты алқабына насоспен су шығарып, қызылша дақылын егер едім. Бұл шаруаны атқаруға шаруашылықтың 80-90 биесін сатсақ жетіп жатыр. Ал қызылша егіліп жүрген егістік жерге қарбыз егіп, стаудан бір миллион сомнан астам таза пайда алар едім»-депті деген болжамын естіген еді. Сөйтсек, ауылшаруашылығының білгірі атанған Нұрекең бұрындары Алғабасқа бірді-екілі келгенінде осы өзі ойлағандай игі істерді «шіркін іске асырар ма еді» деп іштей болжам жасап, жоспар құрып кететін болса керек. Ол кісі бұл шаруашылыққа басқарама бастығы болып келгенінде құр қиял болып қалған шара іске асатынына сенімдері зор еді. Ол кісінң ойындағы іс-жоспарының іске асырылатынынан хабарда бұл өңірдің тұрғындары Быжы өзінінің суын бір бел астындағы Шақпақты алқабына шығарып, қызылша дақылын егетіне сенімді еді.
- Нұрекең алдымен Быжы өзенінің суын көбейту жолын қарастырып осы үшін Қоғалы өңіріндегі Терісаққан өзенінің суын бері бұруды ойластырғанын, Быжы өзенінің бөгет жасауға табиғаттың өзі ыңғайлап қойғандай бір қыспақ бар екенін байқаған екен,- дейді ол кісінің бір әңгімесінің арасында болған еңбек ардагері, зейнеткер Оразымбет Кәрімов.
Бұл кезде Алғабас қолхозын бес жылдан бері басқарып жүрген аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметініен келген Ақболат Мырзабекв аудан басшыларынан осы колхозға бауыр басып қалғанын, орнынан қозғамай-ақ қоюларын өтінетінін жеткізіпті-мыс. Аудан басшылары бұл өтінішті орындайды. Облыс басшыларыеның ұсынуымен аудан басшылары Нұрмолданы Карл Маркс атындағы колхозын басқаруға келісімін алады.
Сөйтіп, өмірінің соңғы үш жылында Нұрмолда Алдабергенов облыс бойынша ең артта қалған К.Маркс атындағы колхозды басқарды. Талдықорған-Алматы тас жолы бойында орналасқан колхоздың экономикасы қандай нашар болса, ауылдың сыртқы бейнесі де сондай ұсқынсыз жұпыны еді.Жолдың екі жағындағы жанармай орналасқан жер кепе үйлерге көз сүрінетін. Бұл 1964 жыл еді.
Колхоз құрылысынң ардагері келген бетте Талдықорған бағытына қарай жүргендегі жолдың оң жағында орналасқан жер кепе үйлерді тегістетіп, оның орнынан қызылша егістігін ұлғайтты. Үйлері бұзылған отбасылардың барлығына қысқа мерзімнің ішінде біріыңғай 5-6 бөлмеден тұратын стандартты ақ шатырлы тұрғын үй салып берді.Мұның ұзын саны бір –екі жылдың ішінде 100 ден асып кетті.Нұрекеңнің өзі барында іргетасы қаланған мәдениет сарайы 13 жылда әрең пайдалануға берілді. Өзі басқарған үш жыл ішінде Карл Маркс атныдағы колхозды көркейтіп, экономикасын нығайтты. Мәденгиетін бұрынғы өзі басқарған ХХІІ партсъезд атындағы колхоздың дәрежесіне жеткізді. Бұған шын риза болған жұрт: «Анық халық үшін туған ер екен. Колхоз құрлысының шынайы білгірі, аса зор ұйымдастырушысы, көрнекті қайраткер екен» - деп ауыздарынан тастамайтын болды.
Қазақстандаға колхоздар ішінде 1950 жылдары Нұрмолданың бастамасымен бірінші болып ГЭС салынған, пайдалануға беріліп, игілігін көрген колхоз Нұрмолда басқарған сол кездегі Сталин атындағы колхоз болды. Жазушы Құттыбек Баяндиннің 2014 жылы шыққан «Нұрмолда Алдабергенов» атты кітабында... кенет Мұқаңның (Мұхтар Әуезов) қабағы кірбің тартып: -осы орысша біледі дегендеріміз не бітіріп, не тындырып жүр? Деді қатар отырған Ғабиденге бұрылып. – Солар сөз білгендерімен іс білмейді, тіл білгендерімен дін білмейді. Ал олардан Нұрекеңнің айырмасы жер мен көктей. Әттең 4 кластық білімі болса ғой, дүниені дөңгелетер еді – ау. Нұрмолданың орысшасына күлген жұртты мен сонда көрсем, шіркін деген. Биылғы 19 маусым 2021 жылғы Жетісу газетінде тілші Қажет Андас «Даланың дара перзенті» атты көлемді мақаласында Нұрмолда Алдабергеновтың артына қалдырған ерен ісін баяндай келе әлі күнге дейін облыс орталығы Талдықорған қаласында бір еңселі ескерткішінің жоқ екендігін айта келіп, бұл көптің арманы мен үміті екенін, бұл армандар орындалатын шығар деген ұсынысын білдірген. Көпшіліктің бұл ұсынысты бір ауыздан қолдайтынына менің де сенімім зор.
Шаруашылықпен мәдениетті бір-бірінен ажыратпай, тең қарап назардан бір сәт шығармайтын Нұрекеңнің қамқорлығының арқасында1950 жылдың аяғында- ақ Шұбардағы көркемөнерпаздар үйірмесі халық театры атағын жеңіп алған- ды. Мұқырыда да көркем өнерпаздар үйірмесінің жұмысын дұрыс жолға қоя білді. Ауыр науқастанып төсек тартып жатса да көркемөнерпаздар ұжымының халық театр атғын қорғау байқауына өзі де қатысып, халық театр атағын алып шығу қуанышының куәсі болған еді. Ауыр хал үстінде жатса да Нұрекеңнің халықтан аянарлығы жоқтығына, оның әкелік қамқорлығына Мұқырылықтар өте риза болған еді. Нұрекең құрған сол халық театры режиссер Жақып Әбілтаевтың жетекшілігімен одан кейін де осы берірекке дейін аудан, облыстың елді мекендерінде болып, өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің зор ризашылық сезіміне бөленіп келген еді.
Нұрмолда Алдабергеноа 61 жасында өмірден ерте кеткенімен артында көпке үлгі боларлық өшпес ісі қалды. Бұл ардақты есім ешқашан ұмыт қалмақ емес.
Нұртай Қыдыралыұлы,
ҚР білім беру ісінің үздігі,
Көксу ауданының құрметті азаматы,ҚР журналистер одағының мүшесі.