
Әр мемлекеттің тәу етіп, тұғыр тұтатын темірқазығы-ата заңы. Ата заң- алты алаштың арманын орындаған, алдағы күнге деген сенімін бекіткен құжат. Ендеше, 30 тамыз-азат халықтың ақ арманы орындалған күн. Ширек ғасыр ел өмірінің нақты өлшеміне, татулықтың тірегіне, тұрақтылықтың негізіне айналған конституцияның құқықтық мемлекет орнықтырудағы маңызы зор.
Тәуелсіздіктің мызғымас мұрасы, бағалы құндылығы саналған Ата Заңымыз ел еңсесін тіктеуге, ел іргесін бекітуге айрықша ықпалын тигізді. Сондықтан да, біз бүгінгі күнге дейін қол жеткізген жетістіктеріміз бен бағындырған биіктерімізді тек Конституциямен байланыстырамыз.
Конституцияның тарихы тереңде. Дала заңынан бастау алған бұл құжат мемлекеттегі ең қымбат қазына адам және оның құқығы мен бостандығы деуімен де жанымызға жақын. Ата Занда адамның өмірі мемлекеттің негізгі байлығы саналған соң, елдегі заңнамалардың да еңалдымен азаматтардың мүддесіне бағытталып, халықтың игілгі үшін жасалатыны түсінікті. Жаңа заңдардың дайындалып, бұрынғы құжаттарға өзгертулермен толықтырулардың енгізілуі көпшіліктің талабына сай орындалуда. Жаңғыртудың әрқайсысынан елге, тұрғындарға деген жанашырлықты байқау қиын емес. Осындай іргелі істердің артында жиырма алты жыл бойы Конституцияның тұғаны кім-кімге де белгілі.
Ата Заң халықтың құқықтық мәдениетінің өсіп, құқықтық білімінің тереңдегенін көрсетті. Мұны өз естеліктерінде Конституцияның авторларыда ризашылыкпен атап өткен болатын. Тұнғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасына топтасып, мемлекеттің негізгі заңын жасауға атсалысқан білікті зангерлер-Бауыржан Мұхамеджанов, Игорь Рогов, Анатолий Котов, Гайрат Сапарғалиев, Майдан Сулейменов, Владимир Ким, Еркеш Нұпрейісов, Нағашыбай Шайкеновтің кай-қайсысы болмасын, құқықтық салада өзіндік орны бар, шоқтығы биік жандар. Заңгерлердің барлығы өз жауаптылыған сезінді. Өздеріне үлкен сенім артылып, бас құжатты дайындау міндеті жүктелгенін жан- тәнімен ұғынды. Бұл оларды ынтымақтаса жұмыс істеп, ел көңілінен шығатын, ел мүддесін қорғайтын занды сапалы әзірлеуге ынталандырды. Шетелдің ең озық деген конституцияларын сүзгіден өткізген заңгерлер Қазақстанның табиғатына ең жақынын, халықтың менталитетіне сәйкес келетін тетіктерін басшылыққа алуға күш салды. Осылайша терең еңбек нәтижесінде жасалған Конституця әр азаматтың мақтанышына, тірегіне, кепіліне айналды.
Конституцияның қабылдануымен мемлекет пен азаматтық қоғам институттары қалыптасып, адамның құқығы мен бостандығының қоғалуына кепілдік берілді, елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени әлеуеті қарқынды дамыды. Шекарасы шегеленіп, алдағы күнге батыл жоспар құрған мемлекетте сот жүйесін жандандыру мәселесі де ұмыт қалған жоқ. Үшінші биліктің материялдық жатқан мінсіз болуы, судьялардың талапқа сай қызметі уақыт өте өз шешімін тапты. Қазір тәуелсіздікке дейінгі сот пен бүгінгі елдің сот жүйесін салыстысу тіпті мүмкін емес. Жарық та биік ғимараттарда төрелік ететін судья шешім қабылдар кезде ешкімге тәуелді болмайды. Бүгінде заманауи құрылғылармен жабдықталып, барлық қажеттіліктер қамтамасыз етілген сот мәжіліс залдарында судьялардың тек заңдылыққа сүйеніп, әділ төрелік айтуына еш кедергі жоқ. Бұл да Конституция нәтижесі.
Айнагул Құттыбекова,
Көксу аудандық сотының бас маманы.