ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісуда шекарашылардың жарысы өтті

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 29.08.2024
Оқылды: 29 Печать страницы

 

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің біріншілігіне «Үздік іздеу тобы» мен «Үздік арнайы иттер маманы» сайысы өтті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Үздік арнайы иттер маманы» жарысының жалпы қорытындысы бойынша І орынды Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департементінің құрама командасы, ІІ орынды Жетісу облысы бойынша департементінің құрама командасы, ІІІ орынды ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департементінің құрама командасы ие болды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Үздік іздеу тобы» жарыс нәтижесінде І орынды Алматы облысы бойынша департементінің құрамасы, ІІ орынды Жетісу облысы бойынша департементінің құрама командасы, ІІІ орынды Жамбыл облысы бойынша департементінің құрама командасы жеңіп алды.

«Үздік іздеу тобы» наминациялары бойынша, «Үздік кинолог маманы» номинациясын ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті аға нұсқаушы ефрейтор  Ердәулет Райымбек иеленсе, «Үздік із кесуші» номинациясына ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті аға лейтенант Ернұр Құлжабаев ие болды. Ал «Үздік атқыш маманы» номинациясымен ҚР ҰҚК ШҚ Түркістан облысы бойынша департаменті ефрейтор Вадим Галяутдинов марапатталды. 

«Үздік арнайы иттер маманы» наминациялары бойынша, «Автокөлікті тексерудегі ең үздік кинологиялық есеп» номинациясы ҚР ҰҚК ШҚ Павлодар облысы бойынша департаменті сержант Артем Мужукке, «Багажды тексерудегі ең үздік кинологиялық есеп» номинациясы ҚР ҰҚК ШҚ Түркістан облысы бойынша департаменті ефрейтор Нұржан Алдашевке бұйырды. «Үй-жайларды тескерудегі ең үздік кинологиялық есеп» номинациясы ҚР ҰҚК ШҚ Абай облысы бойынша департаменті кіші сержант Марат Айтуғановқа, «Адамды тексеру бойынша ең үздік кинологиялық есеп» номинациясы ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті  ефрейтор Ғабит Есмұратқа берілді. 

         Шара соңы жарыстың жеңімпаздарына арналған концерттік бағдарламаға ұласты.

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

 

 

 

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.