ЖАҢАЛЫҚТАР

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды тасымалдау мәселесі талқыланды

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 05.09.2024
Оқылды: 27 Печать страницы
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды тасымалдау мәселесі талқыланды

Ел  аумағында  әскери  және  арнайы  тауарлардың қозғалысы Қазақстан  Республикасының  Заңымен  реттеледі. Ол  Мемлекеттік кірістер органдарының  бақылауына  алынып, тауарлардың өтуі қадағаланады. Кедендік  тексеруден бекітілген тізіммен ғана өтетін өзіндік ерекшелігі бар тауарлар бар.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларға әскери мақсатты қолданылатын бақылау тізімінде көрсетілген заттар жатады. Яғни, қару-жарақ, әскери техника, технологиялар, бағдарламалық қамтылым, техникалық және арнайы құралдар, материалдар, өндіруге және сынауға арналған жабдық, олардың жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектері сынды тауарлар. Мұны мемлекеттік шекарадан алып өтпекші болған кәсіпкердің міндетті түрде қолында құзырлы органдардан алған лицензиясы болуы керек. Арнайы құжат болмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке  тартылады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.