ЖАҢАЛЫҚТАР

Емханаға тіркеу науқаны басталды

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 05.09.2024
Оқылды: 31 Печать страницы
Емханаға тіркеу науқаны басталды

Емханаға тіркеу науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Тұрғындар медициналық қызмет алу үшін емхананы өз еркімен таңдауға мүмкіндігі бар.  Науқан 1-ші қарашаға дейін жалғаспақ.
Азаматтар өз аумағындағы медициналық мекемеден бөлек, өзі қалаған мемлекеттік және жекеменшік емханаларға да тіркеле алады. Тіркелу екі әдіспен жүзеге асады: Бірінші, азаматтар жеке электрондық цифрлық қолтаңбасымен Egov электронды веб-порталы арқылы тіркеле алады. Ал екінші әдіс бойынша кез-келген азамат өзі таңдаған емханаға барып тіркеледі. Бұл ретте, облыстағы барлық мед-ұйым азаматтарды қабылдауға әзір. 
Атап айтсақ,  облыста  жалпы  саны 354 денсаулық сақтау мекемесі бар. Оның 307-сі – мемлекеттік, 47-сі  жеке. Талдықорған қаласы бойынша халыққа алғашқы медициналық-санитарлық  көмекті  облыс  аудандарында  2 мемлекеттік және 2 жеке емхана көрсетеді. 
Айта кетейік, науқан кезінде барлығына бірдей емхана ауыстыру міндетті емес. Азаматтар өз клиникасының қызметіне көңілі толса ары қарай пайдалана беруге болады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.