Көксуда әзербайжан ұлтының өкілдері ұлттық киімдерінде келіп дауыс берді
Көксу ауданында «Әзербайжан ұлт өкілдері ұлттық киіммен республикалық референдумда дауыс берді.
Референдумға ынтымақ пен ырысы жарасқан сан алуан ұлт өкілдері белсенділікпен қатысып, өз таңдауларын жасауда.
«Бүгін елімізде өтіп жатқан референдумда өз таңдауымызды жасайық деген ниетпен келдік. Ел тағдырына алаңдайтын барлық тұрғын бүгінгі шарадан қалыс қалмауы тиіс деп ойлаймыз. Өзгерістердің барлығы оңынан болсын!» – дейді аудан тұрғыны Шах Гусейн Аббасұлы.
✔️Айта кетейік, Теректі ауылында орналасқан №245 дауыс беру учаскесіне таңнан келушілер саны көп. Аудан тұрғындары референдумға белсенді қатысуда.