ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚСАҚАЛДЫҢ БАТАСЫ

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 06.10.2024
Оқылды: 37 Печать страницы

Таңғы сағат 7:00-де Мемлекет гимнмен басталған №402 референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып Құмарғали Сүлейменов ақсақал мен зайыбы Хафиза Қалиясқарова апамыз келді.

– Еліміздегі әрқандай игі іске қашанда қолдауға дайынбыз. Әсіресе, ұрпағымыздың болашағы үшін жасалған қадамдарды құтпаймыз. Мемлекетті өркендету үшін, дамыған елдер қатарына жеткізу үшін жұдырықтай жұмыла еңбек етуге тиіспіз, – дейді атамыз.

Ал өмірін денсаулық сақтау саласына арнап, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп жүрген апамыз:

-Таңғы сағат 6-да тұрып осында келуге асықтым. Өйткені, балаларымыздың, немере-шөбереміздің жарқын күнде өмір сүргенін ойлаймыз. Ынтымақ пен береке, болашаққа батыл қадамдар соның кепілі, – дейді.Қашанда қандайда бір игі істі ақсақалдың ақ батасымен бастайтын дәстүріміз бар. Құмарғали ақсақал көпшілікке бата беріп, референдумның нәтижелі өтуін сәттілік тіледі.

“Жетісу-Ақпарат”

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.