«Адам жаспен емес, жауапкершілікпен өседі» деген. Бүгін Жамбыл ауданына қарасты Ақбұлым ауылының тұрғыны, ғасыр жасаған кейуана Күлия Үсенова жергілікті №465 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
«Қуат – тіршілік көзі» деп білетін ғасыр куәгері ел ертеңіне бей-жай қарамайтынын айтып, саяси науқаннан қалыс қалмауды ұйғарыпты.
– Небір зұлмат заманды бастан өткеріп, білте шамның жарығымен өсіп-өнген адамбыз. Шіркін, жарық дүниеге не жетсін! Бастысы – ел аман, жұрт тыныш болсын, – дейді ғасыр құрдасы.