ЖАҢАЛЫҚТАР

Әркімнің өз таңдауы бар – Нариман Құрбанов

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 06.10.2024
Оқылды: 22 Печать страницы
Әркімнің өз таңдауы бар – Нариман Құрбанов

Алматыда тағы бір атақты спортшы – спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс беруге қатысты.

Спортшы референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтті.

«Дауыс беру-әркімнің азаматтық борышы мен міндеті. Әркімнің өз таңдауы бар және оны жасау керек. Қазақстандықтар бұл мәселеде жауапкершілік танытады деп сенімін», — деді Нариман Құрбанов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда әйелдер боксы бойынша Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай дауыс берген болатын.

Қалада барлығы 624 сайлау учаскесі бар.Оның 549-ы азаматтарды тұрақты тіркеу орындары бойынша болса, ал 75-і – ауруханалар, санаторийлер және әскери бөлімдер сияқты уақытша орналасқан орындар.

Дауыс беру орындары кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық болады.

kaz.inform.kz

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.