ЖАҢАЛЫҚТАР

Жыл соңына дейін Панфилов ауданында ұлттық жобамен 9 нысан іске қосылады

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 18.10.2024
Оқылды: 32 Печать страницы

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Жетісу облысында 59 медициналық нысан салу жоспарланса, соның 11-і Панфилов ауданында тұрғызылады, атап айтқанда 9-ы биыл пайдалануға беріледі, 2-еуі – келесі жылға өтпелі жоба. Бұл туралы бүгін аудан тұрғындарымен болған кездесу барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі таңда барлық нысандар бойынша мердігер ұйымдар айқындалып, құрылыс жұмыстары басталды.

- Жыл соңына дейін Қырыққұдық, Алтыүй, Алмалы, Тұрпан, Ақжазық, Қорғас, Сұптай, Сарытөбе, Аққұдық ауылдарында 9 нысанды қолданысқа береміз, Садыр, Дихан-Қайрат ауылындағы қалған 2 нысанда құрылыс жұмыстары келесі жылы жалғасады, - деді Б. Исабаев. 

Жиында айтылғандай, жергілікті бюджет есебінен былтыр Ақкент және Ақарал ауылдарында блокты-модульді медициналық пункттер, сондай-ақ Жаркент қаласында жедел және шұғыл көмек станциясы орнатылсаосы жылы қарашаның соңына дейін Қызылжиде, Керімағаш ауылдарында осындай тағы екі медициналық пункт орнатылып, қолданысқа беріледі.

Сондай-ақ биыл шілдеде Жаркент қаласындағы көпсалалы ауданаралық аурухананың күндізгі стационарының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталдыОсы айдың соңында Шежін ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға беріледі. Әулиеағаш, Нұркент және Алтыүй ауылдарына 3 санитарлық автокөлік сатып алындыАл жылдың соңына дейін ауданның орталық ауруханасы медициналық
құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Нәдек ауылында бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынып жатыр, нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жетісу облысында кезең-кезеңімен газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Көгілдір отын шекаралық аймақ - Панфилов ауданына да жетті. Атап айтқанда, бүгінгі күні аудан орталығы Жаркент қаласында 7 206 абонент немесе 65%-ы газға қосылған. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан халқымен кездесуі барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы Панфилов ауданында 42 елді мекеннің 26-сы газдандыруға жатады.

- Қазіргі таңда Жаркент қаласында, Головацкий және Жерұйық ауылдарында газға қосылу құнының бастапқы 50 мың теңгесін төлеп, қалған бөлігін 10 айға бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Қазандықты тұрғындар өз қаражаты есебінен сатып алады. Сонымен қатар бүгінгі күні 13 ауылға  құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдармен келісімшарттар жасалды. Бұл ауылдар - Нәдек, Әулиеағаш, Ақжазық, Ақарал, Ават, Ынтымақ, Сұптай, Сарпылдақ, Қырыққұдық, Ақкент, Керімағаш, Қызылжиде, Аққұдық. Жұмыстар 2025 жылы жүргізіледі, - деді өңір басшысы Б. Исабаев.

Тағы 12 елді мекен, яғни Жиделі, Талды, Алтыүй, Үшарал, Үлкеншыған, Шолақай, Атамекен, Еңбекші, Көктал, Кішішыған, Қорғас, Алмалы ауылдары бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сараптаманың қорытындысы алдағы қараша айында шығады деп жоспарланып отыр.  

Осы жобаларды іске асырғаннан кейін ауданның 118 мың тұрғыны немесе 91%-ы 2026 жылы табиғи газға қол жеткізе алады.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Фототілші: Жеңіс Ысқабай

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.