ЖАҢАЛЫҚТАР

АУДАНЫМЫЗДА ГАЗДАНДЫРУ ҚАРҚЫНЫ ЖЫЛДАН – ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ.

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 21.10.2024
Оқылды: 43 Печать страницы



Бүгін Көксу ауданы әкімі Дәулет Кенжеханұлының бастауымен Жарлыөзек ауылдық округіне қарасты Жарлыөзек, Бозтоған және Мұқаншы ауылдарының тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты күн болды, себебі газдандыру жұмыстары бүгінгі күні толық аяқталды. Ауыл тұрғындарын газдандыру шарасы салтанатты түрде аталып өтті. Қазіргі таңда ауданда газдандыруға жататын 26 елді мекеннің 16 ауылы газдандырылды.

Бозтоған ауылының Құрылыс жұмыстарына жауапты ТОО «ST.LTD», Жарлыөзек ауылының»Алматы Production Construction & Invest» ЖШС-гі, Мұқаншы ауылының ТОО «Дос Строй Проект» өз жұмыстарын уақытылы орындап шықты. Бозтоған ауылында жалпы ұзындығы 16,5 шақырым газ құбыры тартылды, Жарлыөзекте 20,4 шақырым және Мұқаншы ауылында 4,9 шақырым газ құбырлары тартылды.

Бұл жаңалық әсіресе үй шаруасындағы әйелдерді қуантты. Өйткені олар енді отын тасу, от жағу, күл шығару сынды жұмыстарды істемейді. Соның бірі Бозтоған ауылының тұрғыны көп балалы ана Жұлдыз Әубәкірқызының үйіне тегін газ құбыры тартылды.

Ауылдарыңызға келген көгілдір отын көптің игілігіне айналып, әлеуметтік жағдайды жақсартуға оң әсер етеді деп сенеміз. Елді мекендерге жеткен көгілдір отын отбасының жылуын, отанымыздың қуатын арттыра түссін!
 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.