ЖАҢАЛЫҚТАР

25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 22.10.2024
Оқылды: 74 Печать страницы
25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Мен Сайлаубай Қуаныш Мүслімұлы  @koksu.jastary филиалының жетекшісі болып қызмет атқарамын.  Жастар қай заманда, қай елде болмасын, асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған. Сол себепті, осы сала да қызмет ету үлкен жауапкершілікті талап етеді. Үлкен жауапкершілікті талап еткен ортаны дамыту барысында бар күш-жігерімді салуға дайынмын.

Сіздерді 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата - бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.