Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды баспанамен қамту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі.
Осы орайда, 25 қазан-Республика күні мерекесі қарсаңында және ауданның 80 жылдық мерейтойына орай, аудан көлемінде 13отбасы жаңа баспанаға ие болды.
Бүгін аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлының бастауымен Балпық би ауылының кезегі келген әлеуметтік осал топтағы, көп балалы отбасыларға жаңадан салынған 13 баспана кілті салтанатты түрде табысталып, қоныс тойы тойланды.
«Міне, мереке қарсаңында қоныстанған баспаналарыңыз құтты болсын. Мемлекеттің осындай игі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын, іші шаттыққа толсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!»,- деді аудан әкімі Дәулет Халелов құттықтау сөзінде.
Айта кетейік, бүгінде Балпық би ауылында 23 жеке тұрғын үй құрылысын «Smart Taldykorgan» ЖШС, 7 жеке тұрғын үй «Kazakhstan grand Construction» ЖШС жүргізуде, оның ішінде 13 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Соңғы уақытта ауданымызда тұрғын үйлердің салынуы қуантарлық жәйт.
Жалпы Көксу ауданы бойынша 2024 жылға тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілетін 50 жалгерлік жеке тұрғын үйге жоспар берілді. Аудан көлемінде Балпық би ауылында 30, Бостоған ауылында 10, Мұқыры ауылында 10 әр қайсысының жалпы көлемі 60 ш.м.ден кем емес.
ЖАҢАЛЫҚТАР
БАЛПЫҚ БИ АУЫЛЫНЫҢ КЕЗЕГІ КЕЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАҒЫ, КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН 13 ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР | |
Уақыты: 28.10.2024 | |
Оқылды: 47 | Печать страницы |