
Ағымдағы жылдың 31 қазан күні Айнабұлақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушының Мереке Қырықбай және №12 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Бекмұрат Баяхметұлының ұйымдастырумен “Тазалық – денсаулық кепілі”атты баскетбол ойынынан оқуышлар арасында жарыс ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты: Жасөспірімдерді демалыс уақытында бос уақыттарын ұялы телефонда өткізбей, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жоспарланды.
— Оқушылардың белсенділігі өте жоғары. Спортқа деген ынта-жігерлері басым. Жалпы, жарыс жоғары дәрежеде өткізілді. Алдағы уақытта әлі де үлкен жарыстар болады деп үміттенеміз–дейді, №12 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Бекмұрат Баяхметұлы. Сонымен қатар, спорт пен тазалық денсалықтың басты кепілі болғандықтан тазалық пен спортты егіз ұғым ретінде қарастыруымыз керек. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды.
Өз тілшіміз