
Ағымдағы жылдың 07 қараша күні, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп оқушылар арасында «Бала мінез құлқының бұзылуы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында оқушылылардың арасында психологиялық тренингтер жүргізіліп, оқушыларға өздері қоғамның болашағы екендігін, сол болашақтың тағдыры осы өздерінің қолдарында екендігін ұғындыру. Шара 6 сынып оқушылары арасында өтті. Шараға жалпы 25 оқушы қатысты. Жасөспірімдік кезең-алуан түрлі қарама-қайшылыққа толы, ата-аналар мен мұғалімдерді алаңдататын, уайымға түсіретін күрделі шақ. Себебі, күнделікті өмірде дау-дамайдың көптігі, олардың көңіл-күйінің тұрақсыздығы, қоғамға ашықтан-ашық наразылық білдіруі, ата-ананың қамқорлығын қабылдамауы. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.