ЖАҢАЛЫҚТАР

МҰҚЫРЫ АУЫЛЫНЫҢ КЕЗЕГІ КЕЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАҒЫ, КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН 10 ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 18.12.2024
Оқылды: 57 Печать страницы

 

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды баспанамен қамту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Осыған орай, аудан көлемінде 10 отбасы жаңа баспанаға ие болды.
Бүгін аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлының бастауымен Мұқыры ауылының кезегі келген әлеуметтік осал топтағы, көп балалы отбасыларға жаңадан салынған 10 баспана кілті салтанатты түрде табысталып, қоныс тойы тойланды.
«Бүгінгі қоныстанған баспаналарыңыз құтты болсын. Мемлекеттің осындай игі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын, іші шаттыққа толсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!»,- деді аудан әкімі Дәулет Халелов құттықтау сөзінде.
Айта кетейік, бүгінде Мұқыры ауылында 10 тұрғын үй құрылысын «Көксу проект» ЖШС-гі жүргізіп, бүгінгі күні тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталды. Соңғы уақытта ауданымызда тұрғын үйлердің салынуы қуантарлық жәйт.
Жалпы Көксу ауданы бойынша 2024 жылға тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілетін 50 жалгерлік жеке тұрғын үйге жоспар берілді. Аудан көлемінде Балпық би ауылында 30, Бостоған ауылында 10, Мұқыры ауылында 10 әр қайсысының жалпы көлемі 60 ш.м.ден кем емес.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.