ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында негізгі экономикалық индикаторлар жоспары орындалды

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 19.12.2024
Оқылды: 51 Печать страницы
Жетісу облысында негізгі экономикалық индикаторлар жоспары орындалды

Жетісу облысында биылғы жылдың он бір айында негізгі индикаторлар бойынша жоспар орындалды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,3% құрады. Бұл туралы бүгін Астана қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен  брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысының айтуынша, салалар бойынша ауыл шаруашылығындағы өсім – 3,7% немесе 405,3 млрд. теңге, өнеркәсіпте – 3,6% немесе 310,5 млрд. теңге, тұрғын үйді пайдалануға беру 4,4%-ды құрады инемесе 283,7 мың ш.м., құрылыс жұмыстарының көлемі 1,4 есеге, сауда көлемі 1,3 есеге ұлғайды.

- Жыл басынан бері облыс экономикасына 38% өсіммен 396 млрд. теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар – 291 млрд. теңге. Жалпы мемлекеттік бюджетке 286 млрд. теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджет 1,6 есе өсіп, 106 млрд. теңгеге жетті, - деді Бейбіт Исабаев.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.