ЖАҢАЛЫҚТАР

АУДАН ӘКІМІ Халелов Дәулет Кенжеханұлының ЖАҢА 2025 ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 31.12.2024
Оқылды: 118 Печать страницы
АУДАН ӘКІМІ Халелов Дәулет Кенжеханұлының ЖАҢА 2025 ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!

 

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді, Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Енді санаулы сағаттан кейін тәуелсіз елімізге толайым табыстар сыйлаған ескі жылды шығарып салып, жаңа - 2025 жылды қарсы аламыз. Жаңа жыл - өткен жылға көз жүгіртіп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, жақсылыққа ұмтылып, жаңаша ойлауға жол сілтейтін, қуанышқа толы ғажайып мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттағанды қалайды. Өткен жыл мемлекеттiк бағдарламалар адамдардың әл-ауқатын арттырып, өмiр сапасын жақсартуға, ертеңгi күнге сенiммен қарауға септiгiн тигiзген белсендi, атап өтердей маңызды iстермен есiмiзде қалды. Барлық жеткен жетiстiктерiмiзбiздiң ынта-жiгер мен iзеттiлiк, бiрлесе атқарған еңбектерiмiздiң мәуелi жемiсi деп бағалаймыз. Бiздiң жалпы түпкi мақсатымыз ауданымызды көркейтiп, одан сайын абаттандырып, барша көпшiлiк бұқара халыққа танымал ету. Туған жерге шынайы еңбек етiп, оның гүлдену жолында бар күш-жiгерiмiздi жұмсап, нәтижесiн бiрге сезiну шексiз бақыт. Осы жылдағы жетiстiктер келер жылда да биiк шыңдардан танылуға әсер етсiн. Елiмiз бен әр отбасының әл-ауқаты бұдан да жоғары деңгейге көтерiлiп, сiздерге шаттық сыйласын.

Қадірлі жерлестер!

 Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген дана сөз бар. Біз қашан да өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықтың ұрпағымыз. Әр жаңа жыл табалдырығында жақсылық пен жағымды жаңалық күтеміз. Жаңа 2025 жыл жарқын белестер мен маңызды оқиғалар, оң өзгерiстерге толы жылдардың қатарынан болсын. Әрбiр құрылып жатқан шаңырақ пен сiздердiң жанұяларыңызға шексiз қуаныш, таусылмас бақыт, ырыс пен бақ дәулетiн ала келсiн. Жолдарыңыз әрқашан ашық, келешектерiңiз жарқын, болашақтарыңыз нұрлы, бай-қуатты болыңыздар! Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Жаңа жылдарыңызбен!

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.