ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейбітшілік, түсіністік пен мейірім мерекесі

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 09.01.2025
Оқылды: 151 Печать страницы
Бейбітшілік, түсіністік пен мейірім мерекесі

Жетісу облысының әкімі

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың

Рождествомен құттықтауы

 

 Құрметті жетісулықтар!

Православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын! 

Бұл жарқын мереке қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауға ықпал етіп, баршамызды өзара қамқор болуға, жақсылық пен жарастыққа жетелейді. 

Басқа да дәстүрлі діндермен қатар православ діні де бейбітшілік пен бірлікті, татулық пен келісімді нығайтуға үлес қосып келеді. Өйткені бәріміз күш-жігерімізді біріктіргенде ғана алдағы мақсат-міндеттерімізді орындап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, өркендеу мен өсуге қол жеткізе аламыз.

Баршаңызға мықты денсаулық, толайым табыс, отбасыларыңызға қуаныш пен бақыт тілеймін!

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.