ЖАҢАЛЫҚТАР

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 22.01.2025
Оқылды: 62 Печать страницы
Құқық бұзушылықтың алдын алу

Қ. Жалайыри атындағы мектеп-гимназиясында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылармен кездесу өтті. Бұл шараға Кексу АПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Смахов Даулет Толеужанович қатысты. Кездесу желілік кестеге сәйкес ұйымдастырылды және оқушылардың құқықтық тәртіп туралы білімдерін арттыруға бағытталған. Кездесу барысында балалар полиция подполковнигі Смахов Даулет Толеужановичке түрлі сұрақтар қойып, пікір алмасты. Олар құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң бұзған жағдайда қолданылатын шаралар және қауіпсіздік ережелері туралы айтылды. Бұл шара оқушыларға құқықтық білімдерін тереңдетіп, құқықтық тәртіпті сақтауға деген жауапкершілікті арттырды.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.