Құрметті Көксу ауданының тұрғындары!
Көксу ауданы бойынша 26 ауылдық елді мекен газдандыруға жатады.
2024 жылға дейін 8 ауылдық елді мекен орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілді. Олар: Балпық би, Теректі, Мұқыры, Зылиха, Тамшыбай, Бесқайнар, Мәмбет, Жамбыл және Мұсабек ауылдары.
2024 жылы тағы 10 ауылдық елді мекен орталықтандырылған табиғи газға қосылды. Олар: Алғабас, Қызылтоған, Еңбекшіқазақ, Бозтоған, Жарлыөзек, Мұқаншы, Мәулімбай, Жетіжал, Кеңарал және Қазақстан 10 жылдығы ауылдары.
Сонымен қатар, 2025 жылы 6 елді мекенді газға қосу жоспарлануда: Көксу бекеті, Ақтекше, Талапты, Ақшатоған, ПЧ-45 ауылдары.
Аудан орталығы Балпық ауылында 42 көпқабатты тұрғын үйді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Мадий МЫРЗАТАЙҰЛЫ,
Көксу ауданы әкімінің орынбасары.