Құрылыс саласының дамуы елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайының арта түсуіне тікелей әсер етеді. Соңғы жылдары ауданда құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Бірнеше жылдан бері жалағаштықтардың да көкейлерінде жүрген мәселелері оң шешімін табуда. Бірнеше құрылыс нысаны пайдалануға беріліп, жұртшылық үлкен қуанышқа бөленуде. Биыл да жаңадан бой көтеріп жатқан ғимараттар бар.
Құрылыс индустриясы – қашанда экономиканың негізгі іргетасы екендігі белгілі. Сондықтан да құрылыс саласының дамуы елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік жағдайының артуына тікелей байланысты. Осы бағытта ауданымызда бірқатар нысандар бой көтеріп, тұрғындардың баспанамен қамтылуына баса назар аударылып келеді.