ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысының командасы – «Асыл домбыра» жобасының үшінші маусымының жеңімпаздары

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 03.02.2025
Оқылды: 144 Печать страницы
Жетісу облысының командасы – «Асыл домбыра» жобасының үшінші маусымының жеңімпаздары

Бүгін «Асыл домбыра» тележобасының үшінші маусымының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Белгілі болғандай, 2024 жылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығында «Хабар» арнасында өткен маусымның жеңімпазы Жетісу облысының командасы атанды.
«Асыл домбыра» жобасы айтыс өнері мен қазақ халқының рухани құндылығы және мәдени мұрасының символы болып табылатын ұлттық аспап -  домбыраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған. Жоба аясында талантты ақындар мен өнерпаздар баға жетпес дәстүрлерді дәріптеп, оларды жаңа деңгейге көтеруде. 
Марапаттау рәсіміне дейін жеңімпаз командаға берілетін қасиетті домбыра М.Тынышбаев атындағы музейде қойылады. Ол мұражай экспозициясының бір бөлігі әрі ұлттың рухани байлығының символы болмақ.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.