Бұқаралық ақпарат құралдарында Су тасқыны мәселелері бойынша ақпараттық жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басынан бастап өңірлік мерзімді баспа басылымдарда, интернет ресурстарда, әлеуметтік желілерде 30-дан аса ақпараттық материал жарияланды. «Жетісу» телеарнасынан 3 сюжет көрсетілді.
Сонымен қатар, ақпан айының 6-7 күндері ұйымдастырылған «Көктем – 2025» су тасқыны қаупі кезеңіне дайындық оқу-жаттығулары жан-жақты ақпараттандырылды. Баспа басылымдарында «Жетісудағы эвакуациялық пункттер ТЖ жағдайында қалай әрекет етеді» тақырыбында жарияланған мақалада, ТЖД қызметкерлері төтенше жағдай кезіндегі, оның ішінде су тасқыны болған жағдайда іс-қимыл алгоритмі туралы түсіндірді. Халықты қорғаудағы негізгі элементтердің бірі зардап шеккендерді қабылдау пункттері, апат аймағынан эвакуацияланғандарға тамақтану, медициналық және психологиялық көмек туралы ақпарат толық қамтылған.