ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында заңсыз балық аулаудың 14 фактісі анықталды

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 25.02.2025
Оқылды: 150 Печать страницы
Жетісу облысында заңсыз балық аулаудың 14 фактісі анықталды

 

Жетісу облысында балық қорын сақтау үшін күрес күшейе түсуде. Жетісу су айдындарында инспекция мен құқық қорғау органдары бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде заңсыз балық аулаудың 14 дерегі тіркелді. Тексеру барысында құқық бұзушылар моноталшықтан жасалған ау пайдаланғаны анықталды, бұл су биоресурстарына айтарлықтай зиян келтіреді. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған бес азамат ұсталды.
Балық қорын сақтау мақсатында Қазақстанда 100 мм-ден кіші көзді моноталшықты ауларды қолдануға, сондай-ақ уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған. Аталған талаптарды сақтамаған тұлғаларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Бақылауды күшейтумен қатар, Жетісу облысында балық шаруашылығы қарқынды дамуда. Бүгінде өңірде 28 балық өсіру шаруашылығы жұмыс істейді, ал 2024 жылы 893,96 тонна тауарлық балық өсірілді. Сонымен қатар, экологиялық іс-шаралар аясында су айдындарының экожүйесін сақтау және ластанудың алдын алу мақсатында жыл сайын «Таза су айдындары» акциясы өткізіледі.
Инспекция заңсыз балық аулау деректерін анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда және азаматтарды су ресурстарын қорғау жөніндегі белгіленген нормаларды сақтауға шақырады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.