ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы Көксу ауданының тұрғындарымен кездесті

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 27.02.2025
Оқылды: 138 Печать страницы
Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы Көксу ауданының тұрғындарымен кездесті

 

Көксу ауданында Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы Құсаинов Сарқытбай Зәкірұлы халықпен кездесу өткізіп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Кездесуге аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы, департамент өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, ақсақалдар кеңесі, депутаттар және аудан тұрғындары қатысты.

Өз баяндамасында Сарқытбай Зәкірұлы 2024 жылғы жұмыс қорытындысын баяндап, аудандағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылған шараларға тоқталды. Сондай-ақ, мал ұрлығы, интернет алаяқтық, жол-көлік оқиғалары мен нашақорлыққа қарсы күрес мәселелеріне тоқталды. Кездесу барысында осы тақырыптарға арналған бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар, кездесу барысында кинолог мамандар жарылғыш заттар және есірткіні анықтау бойынша қызметтік иттердің мүмкіндіктері мен қоғамдық тәртіпті қадағалау әдістерін көрсетті.

Құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы құқық қорғау органдарының жұмысын жоғары бағалап, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу үшін бүкіл қоғам болып атсалысу маңызды екенін атап өтіп, Сарқытбай Зәкірұлының бүгінгі кездесуіне алғыс білдірді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.