ЖАҢАЛЫҚТАР

Мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар енгізіледі

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 20.03.2025
Оқылды: 138 Печать страницы
Мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар енгізіледі

 

5 сәуірден бастап мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшейеді. Енді көлікті тіркеусіз және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынады. Бұл туралы Жетісу облысының полиция департаменті хабарлады.  
Жаңа ережеге сәйкес, мопед иелері өз көлігін міндетті түрде полицияда тіркеуі керек. Сондай-ақ, оларда A1, A немесе B санатындағы жүргізуші куәлігі болуы шарт. Бұдан бөлек, техникалық тексеруден өтіп, міндетті сақтандыру рәсімдерін орындау қажет.   
Тіркелмеген мопедтер мен жүргізуші куәлігі жоқ азаматтарға айыппұл салынады. Қазіргі уақытта облыста 189 мопед тіркелген. 
Егер 5 сәуірге дейін тиісті құжаттар рәсімделмесе, жүргізушілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  612  және  590-баптарының 2-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылады.  
Полиция өкілдері тұрғындарды жол қауіпсіздігін сақтауға және жаңа талаптарды орындауға шақырады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.