ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысындағы газдандыру деңгейі 56,5%

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 01.04.2025
Оқылды: 102 Печать страницы
Жетісу облысындағы газдандыру деңгейі 56,5%

 

Жетісу облысында кешенді газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Өңірлік схемаға сәйкес, 2030 жылға дейін 192 елді мекен газбен қамтылуы тиіс.   

Қазіргі таңда облыстағы 63 елді мекенге газ тартылып, 392 мың адам көгілдір отынға қол жеткізді. Оның ішінде 30 елді мекен өткен жылы газдандырылды. Нәтижесінде облыстағы газдандыру деңгейі 56,5%-ға жетті.  
Биылғы жылы тағы 63 елді мекенді газбен қамту жоспарланып отыр. 

Аймақ үшін маңызды жобалардың бірі – «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы. Бұл жоба Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарындағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етеді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.