ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 07.04.2025
Оқылды: 135 Печать страницы
Жетісу облысында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды

 

2025 жылдың басынан бері өңірдегі медициналық ұйымдарға кене шағуымен 660 адам жүгінді, оның 305-і  –  14 жасқа дейінгі балалар. Ең көп жағдай Панфилов ауданында тіркелді.  

Кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтар болып Ақсудың, Алакөлдің, Ескелді, Кербұлақ және Сарқан аудандары, сондай-ақ Талдықорған мен Текелі қалалары саналады.  

Алдын алу шаралары аясында 1 сәуірден бастап 230 гектар аумақта кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде, олар 28 сәуірге дейін жалғасады.  

Кене энцефалиті – жүйке жүйесін зақымдайтын қауіпті вирус ауруы. Инкубациялық кезең төрт аптаға дейін созылады, ал алғашқы белгілері тұмауға ұқсас болады. Ауыр жағдайларда сериозды асқынулар туындауы мүмкін.  

Өңірде энцефалитке қарсы иммуноглобулиннің жеткілікті қоры жасақталған. Дәрігерлер кененің жабысуын анықтаған жағдайда дереу медициналық мекемеге жүгінуге және алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.