ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісуда 250-ден астам шетелдік Қазақстан азаматтығын алды

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 16.04.2025
Оқылды: 96 Печать страницы
Жетісуда 250-ден астам шетелдік Қазақстан азаматтығын алды

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жетісу облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Раймбековтің қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Бүгінде көші-қон саласы бойынша 35 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.  Оның басым бөлігі  «eQonaq» ақпараттық жүйесі арқылы жасалды. 
Статистикалық дерекке сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында өңір аумағында 2150 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынған. Облыс көлемінде көші-қон процестерін бақылау мен реттеу мақсатында тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп келеді. Нәтижесінде көші-қон  заңнамасын бұзғаны үшін  53 шетелдік азамат елден шығарылып, 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Есептік кезеңнің үш айында  Қазақстан азаматтығын алуға ниет білдірген 254 шетелдіктердің құжаттары қабылданып, тиісті шешім шығарылды. 
Спикердің  айтуынша,  жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, көші-қон саясатын тиімді жүзеге асыруда қоғаммен байланыс пен ақпараттың ашықтығы басты назарда болмақ.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.