
2025 жылдың 31 наурыз күні нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты үйлестіру жөніндегіЖетісу облысының өңірлік ведомствоаралықштабының 1-ші отырысы өткізілді. Штаботырысына облыстың ведомствоаралық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, басқарма басшылары және аудан, қала әкімдерініңорынбасарлары қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша профилактика және ақпараттық түсіндіру жұмыстары туралы және 2025 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысын қорытындылау – наркологиялық қызметті талдау, проблемалық мәселелерталқылау;Нашақорлықтан ең көп зардап шеккен аудандарды, қалаларды анықтап, қосымша профилактикалық және жедел іс-шараларды жоспарлау. Жекелеген аудандарда, қалаларда есірткі жағдайының өзгеруіне тұрақты мониторингті ұйымдастыру туралы;
Көшелерде және қоғамдық орындарда есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы орналастыра отырып, азаматтардың (оның ішінде оқушыларда, қолайсыз отбасылардан шыққан жасөспірімдерде, студенттерде және т.б.) есірткі иммунитетін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға нысаналы жергілікті бюджет қаражатын бағдарлау;Балалар мен жасөспірімдерге психологтардың, менторлық жұмыс мамандарының Нашақорлықтың алғашқы профилактикасы мақсатында облыста нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы мәселелер қаралды.
Жоспарға сәйкес алдағы 2-ші тоқсанғаатқарылатын жұмыстар жайлы нақты тапсырмалар берілді.