ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа бағыттар енгізілуде

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 30.04.2025
Оқылды: 33 Печать страницы
Жаңа бағыттар енгізілуде

Биылғы жылдың  «Жұмысшы мамандықтар жылы» ретінде жариялануы жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға  тартуға, сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталуда. Бұл ретте кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру жұмыстары  жалғасын табуда. Техникалық және кәсіби білім беру мекемелері мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық күшейтіліп, еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік беру мақсатында оқу орындарында жаңа бағыттар мен мамандықтар енгізілуде.

Ел Президентінің бастамасы аясында Жетісу облысында техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын жаңарту, сапасын арттыру,  жұмысшы мамандықтарының иммиджін көтеру бағытында жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілген болатын. Сондай-ақ, «Жаңа мамандықтардың өңірлік атласы» әзірленді. Облыс экономикасында басымдық берілетін 5 салаға талдау жүргізіліп, жаңадан пайда болған, өзгерген, жойылып бара жатқан және аса тапшы кәсіптер анықталды. Мәселен, Талдықорған индустриялық колледжінде  2022-2023 оқу жылы «Авариялық —  қалпына келтіру жұмыстарының слесарі», 2023-2024 оқу жылы «Жол — құрылыс машиналарының машинисі» сынды жаңадан мамандықтар ашылса, 2025-2026 оқу жылында «Фрезерлеуші» мамандығын ашу жоспарлануда. Колледжде барлығы 15 шеберхана, 1 зертхана, 22 оқу кабинеті,  200 орындық акт залы, спорт залы, 2 ашық спорт алаңы, 120 орынды асхана, кітапхана бар. Қазіргі таңда «Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару», «Токарлық іс», «Дәнекерлеу ісі», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану», «Автомобиль жолдары мен  аэродромдар құрылысы және пайдалану», «Слесарлық іс» бойынша мамандар даярлануда. «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» мамандығында оқып жүрген Ақниет Мағауия «Мұнда біз тегін оқимыз, стипендия аламыз, жатақханамен де қамтамасыз етілгенбіз. Яғни, біздерге қажетті барлық жағдай жасалған. Байқап отырғандарыңыздай білім алушылардың басым көпшілігі — ер балалар. Бұған қарамастан бүгінгі күні қыздар қауымы да аталмыш кәсіптерді меңгеріп жүр. Алдағы уақытта Жетісудың өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесімізді қосуға ниеттіміз»-деп оның мамандығы қазір барлық  аймақта  сұранысқа ие екендігін айтып өтті. Білім беру дәстүрлі және дуалды жүйе бойынша жүргізіледі. Дуалды жүйе бойынша  ірі кәсіпорындармен, атап айтқанда  «ТК Метакон» ЖШС, «Темирбетон» ЖШС,  «Механикаландырылған жұмыстар» ЖШС, «Кайнар-АКБ» ЖШС, «Тавиди» ЖШС келісімшарттар жасалған. Директор Әсет Жұмаділов  білім шаңырағы 2021 жылы «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша «Жас маман» жобасына қатысып, 307 млн. теңгеге жабдықтар алынып, «Құзыреттілік орталығы»  ашылғандығын атап өтті. Басшылықтың мәлімдеуінше өзара ынтымақтастық жөнінде 20 мекемемен, халықаралық ынтымақтастықта 4 оқу орнымен  меморандум жасалған.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.