ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру — бұл жай ғана үрдіс емес, бұл уақыт пен азаматтардың үмітіне сай туындаған қажеттілік. «Smart City» тұжырымдамасы аясында 2022 жылдан бастап Жетісу облысында «Қызмет 109» Бірыңғай байланыс орталығы жобасы жүзеге асырыл

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 30.04.2025
Оқылды: 31 Печать страницы
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру — бұл жай ғана үрдіс емес, бұл уақыт пен азаматтардың үмітіне сай туындаған қажеттілік. «Smart City» тұжырымдамасы аясында 2022 жылдан бастап Жетісу облысында «Қызмет 109» Бірыңғай байланыс орталығы жобасы жүзеге асырыл

Байланыс орталығы — коммуналдық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдауға, өңдеуге және сүйемелдеуге арналған тәулік бойғы ақпараттық-диспетчерлік платформа. Орталық бес негізгі байланыс арнасы арқылы жұмыс істейді: 109 қысқа нөмірі, ресми портал https://zhetysu.komek109.kz/submit, Zhetysu 109 мобильді қосымшасы, WhatsApp және Telegram мессенджерлері, сондай-ақ Instagram аккаунты.

Осындай көпарналық байланыс әртүрлі санаттағы халық үшін сервистің қолжетімділігін барынша арттыруға мүмкіндік береді.

2025 жылы Zhetysu 109 мобильді қосымшасы ауқымды жаңғыртудан өтті. Жаңалықтардың қатарында өтініштерді бағалау жүйесі, коммуналдық және жедел қызметтердің рейтинг жүйесі, апаттық және жоспарлы жұмыстардың картасы, өтініш мәртебесінің толық ашылуы, SMS-хабарлама модулі және тұрғындарды ақпараттандыру үшін мақсатты жаңалықтар тарату механизмі енгізілді.

Бүгінгі таңда байланыс орталығы 30-дан астам бағыт бойынша өтініштерді қабылдайды. Ең жиі көтерілетін мәселелер қатарына көше жарығы, жол инфрақұрылымының жағдайы, санитарлық тазарту, абаттандыру мәселелері, сондай-ақ электрмен жабдықтау және ашық құдықтар мәселелері жатады. Барлық жұмыс нақты өтініштерді өңдеу алгоритмі бойынша жүргізіледі: тіркеуден бастап кері байланыс беруге дейін.

2025 жылдың қорытындысы бойынша байланыс орталығына 3331 өтініш түсті, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34%-ға артық. Өтініштердің шамамен 93%-ы облыс орталығы — Талдықорған қаласынан келіп түсті. Бұл халықтың белсенділігін ғана емес, сондай-ақ осы цифрлық платформаға деген жоғары сенімділігін көрсетеді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың байланыс орталығымен өзара іс-қимыл жасау регламенті әзірленді. Бұл құжатта әрбір мекеме өтініш түскен сәттен бастап бір сағат ішінде жауапты орындаушыны тағайындау тәртібі айқындалған. Қажет болған жағдайда жауап бір жұмыс күні ішінде пысықталуы тиіс.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел және бейінді қызметтерге шұғыл ақпарат беру қарастырылған. Осылайша, жүйе диспетчерлік платформа ғана емес, сондай-ақ өңірлік оқиғаларға ден қою инфрақұрылымының маңызды элементі ретінде жұмыс істейді.

«Қызмет 109» жобасы бүгінде жай ғана сервис емес. Бұл ашықтыққа, тиімділікке және цифрлық жетілуге бағытталған жаңа басқару мәдениетінің көрінісі. Жоба азаматтарды, мемлекеттік органдарды және шұғыл қызметтерді нақты уақыт режимінде біріктіретін бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыруда.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.