ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 02.05.2025
Оқылды: 49 Печать страницы
Жетісу облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

 

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың санын азайту, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында Жетісу облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.     Аталған іс-шара аясында бірнеше бағыт қамтылды:
•    жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтау;
•    жүргізушілер мен жолаушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
•    өрескел құқық бұзушылықтардың алдын алу (жылдамдықты арттыру, мас күйінде көлік жүргізу, жаяу жүргіншілерге жол бермеу, қауіпсіздік белдігін тақпау және т.б.).
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері 4058 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 
Оның ішінде:
•    ҚР ӘҚБтК 591-бабы бойынша (көлік жүргізу кезінде телефон немесе радиостанция пайдалану) – 261 жағдай;
•    ҚР ӘҚБтК 592-бабы бойынша (маневр жасау ережелерін бұзу) – 274 жағдай;
•    ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша (мас күйінде көлік жүргізу немесе мас адамға көлікті басқаруға беру) – 28 жағдай.
Құқық бұзушылықтарды анықтауда заманауи техникалар да қолданылады. Атап айтқанда, «ДРОН» аппараттары көмегімен 62 бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, жылдамдықты бақылау үшін облыстық маңызы бар жолдарға 15 «VIDAR SPEED-R» автоматты бекіту жүйелері орнатылып, 13 қызметтік автокөлікке «Ekin Patrol» автоматты жылдамдық өлшегіштері орнатылған. 
Патрульдік бекеттік қызметтердің жұмыс кестесі де күшейтілді – олар сағат 08:00-ден 00:00-ге дейінгі аралықта қызмет атқарады.
Іс-шара аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Халықпен кездесулер өтіп, мектептерде арнайы сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 138  мектепте жол қозғалысы жас инспекторларының конкурсы өткізілді. Оқушылардың қатысуымен «Біз – балалар, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы! Біз – балалар, Заң мен тәртіп үшін!» атты акция ұйымдастырылды.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.