ЖАҢАЛЫҚТАР

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 05.05.2025
Оқылды: 23 Печать страницы
Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында 

13 мың шақырым жол қамтылады. 
«Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады. 
Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын «Қалбатау – Майқапшағай», «Күрті – Қонаев», «Қызылорда– Жезқазған» және «Ұзынағаш – Отар» жолдарының реконструкциясы жалғасады. 
Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында «Жезқазған – Петропавл», «Мұқыр – Құлсары», «Қандыағаш – Ембі –Ырғыз», «Қостанай – Қарабұтақ», «Өскемен – Шемонаиха», «Өскемен-Рахман кілттері», «Орал –Атырау» жолдары бар. Бұл жұмыс бірнеше жыл қатарынан жөндеу көрмеген жолдардың жай-күйін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. 
Қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.