
Көксу ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл еңбеккерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. “AMANAT” партиясының аудандық филиалы ұйымдастырған шара аясында ардагерлерге “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл” атты мерекелік медаль табысталды.
Іс-шара барысында тыл ардагерлерінің соғысжылдарындағы ерен еңбегі мен төзімділігі ерекше аталыпөтті. Партия өкілдері олардың ел үшін сіңірген еңбегінмақтанышпен атап, ардагерлерге алғыс білдірді.
Бұл марапат – тарих алдындағы жауапкершіліктің, ұрпақтарсабақтастығы мен бейбіт өмірдің бағасын терең түсінудіңкөрінісі ретінде қабылданды.