ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында 2025 жылдың I тоқсаны бойынша монополияға қарсы жұмыстардың қорытындысы шығарылды

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 08.05.2025
Оқылды: 25 Печать страницы
Жетісу облысында 2025 жылдың I тоқсаны бойынша монополияға қарсы жұмыстардың қорытындысы шығарылды

 

Жетісу облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті монополияға қарсы тергеп-тексеруді аяқтап, іс материалдары сотқа жолданды. Нәтижесінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының кейбір тасымалдаушыларға артықшылықтар жасаған құқық бұзушылықтары анықталды.

Сот шешімімен «Қорғас» халықаралық орталығына және оның еншілес ұйымдарына берілген нұсқамалар орындалды – бұрынғы форматтағы қызмет тоқтатылды. Олардың жекешелендірілуі ұсынылды.

«2025 жылға арналған квазимемлекеттік секторды мониторингілеу жоспары бекітілді – оған 36 субъекті енгізілді. Тексеру нәтижесінде 4 кәсіпорынға нұсқама берілді. «Жастар» спорт клубының жұмысы талаптарға сәйкестендірілді, заңсыз құрылған Сағабүйен музыка мектебі таратылды», – деп мәлімдеді Жетісу облысы бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің басшысы Маржан Кальменова.

Құс еті, қонақ үйлер, жол жөндеу, авиациялық жанармай және нан нарықтарында жоспардан тыс талдаулар жүргізілді. Тендерлерді бөлу және мұнай базаларына қойылатын талаптарды жеңілдету бойынша ұсыныстарды қоса алғанда, бірқатар ұсынымдар берілді.

Монополияға қарсы комплаенс аясында 11 сыртқы акт қаралды — барлығы заңнамаға сәйкес келеді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.