ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 19.05.2025
Оқылды: 71 Печать страницы
Жетісу облысында Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды


Биыл Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен талантты әрі прогрессивті жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту мақсатында Президенттік жастар кадрлық резервіне төртінші іріктеу басталады. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және мемлекеттік билік органдарында жұмыс істеуге қабілетті үздік мамандарды анықтауға бағытталған.
Ағымдағы кезеңнің ерекшелігі – үміткерлерді салалық бағыттар бойынша пропорционалды түрде іріктеу. Бұл үміткерлердің өз кәсіби саласы шеңберінде бәсекеге түсуіне мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметтің әртүрлі секторларының қажеттіліктерін дәлірек қанағаттандыруға жол ашады.
Іріктеуге 60 мыңнан астам адам қатысуға ниет білдірді. Соңғы 4 жылда олардың ішінен 400 адам резервке қабылданды. Бүгінгі таңда олардың 80%-дан астамы (318 үміткер) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда маңызды қызметтер атқаруда.
Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар өзгеріссіз қалды: үміткердің жасы 35-тен аспауы тиіс, жоғары білімінің, кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы және мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеруі қажет. Президент тағайындайтын лауазымдарға орналасқан тұлғалар, «А» корпусының саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ бұрын резервке қабылданғандар бұл іріктеуге қатыса алмайды.
Іріктеу алты кезеңнен тұрады: 1 маусымнан бастап құжат қабылдау жүргізіледі және ол қазан айының соңына дейін аяқталады. Үміткерлер тестілеуден өтеді, ситуациялық тапсырмаларды шешіп, эссе жазады, ассессмент-орталықтың бағалауынан өтеді және сарапшылар мен ұлттық комиссиямен сұхбаттасады. Қорытындысында 50 үздік үміткер Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.