ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай құрмет көрсетілді

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 22.05.2025
Оқылды: 122 Печать страницы

2025 жылғы 21 мамыр күні Көксу ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара аясында “AMANAT” партиясының Көксу аудандық филиалының төрағасы Бейсенов Мәлік Аманбайұлы мәдениет саласының қызметкерлерін арнайы құттықтап, еңбектері мен шығармашылықтарына алғысын білдірді.

Мәлік Аманбайұлы сала мамандарына алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыстап, олардың ауданның рухани дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Ол өз сөзінде мәдениет пен өнердің қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, бұл сала қызметкерлерінің еңбегі әрқашан құрметке лайық екенін атап өтті.

“Мәдениет – ұлттың рухани өзегі. Сіздердің еңбектеріңіз арқылы халқымыздың тарихы, дәстүрі мен болмысы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді”, – деді Мәлік Аманбайұлы құттықтау сөзінде.

Шара барысында жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарламамен өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.