30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері»жалпыреспубликалық акциясы басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде.
Талдықорған қаласында акция өтетін мекен-жай: Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Балпық би №10 «В» Көксу аудандық халыққа қызмет көрсету ғимаратының 1- қабаты. Басталуы 2025 жылғы 30 мамыр күні сағат 17:00.
Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.