ЖАҢАЛЫҚТАР

Синтетикалық есірткілерге тәуелділіктің зияны

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 16.06.2025
Оқылды: 4 Печать страницы

 

Синтетикалық есірткілерге тәуелділік – бұл ұзақ уақытбойы қолданудың нәтижесінде пайда болатынесірткінітұтынуды бақылау қабілетінің бұзылуымен сипатталатынсиндром.

Тәуелділік синдромының басты ерекшелігі – есірткініқабылдауға деген күшті ұмтылыс (патологиялыққұштарлық), ол тек саналы ойлар мен тілек түрінде ғанаемессондай-ақ есірткіні қолдануды бақылау қабілетініңтөмендеуіменсинтетикалық есірткіні басқа әрекеттерденартық қоюмен және зиян немесе жағымсыз салдарғақарамастан оны тұрақты түрде қолданумен көрінеді.

Синтетикалық есірткіге деген құштарлық ұйқысыздықпенжәне мінез-құлықтың өзгеруімен – мазасыздықагрессивтіліккөңіл-күйдің төмендеуі немесе енжарлықпенқатар жүреді.

Сонымен қатарорганизмге синтетикалық есірткінің әсерінетөзімділіктің артуы және оны қолдануды тоқтатқанданемесе азайтқанда пайда болатын абстиненттік белгілерсияқты физиологиялық тәуелділік белгілері де байқалуымүмкін.

Физикалық тәуелділіктің белгілері:

• Синтетикалық есірткіні қолдануға деген обсессивтіойлар (құштарлықтәбет);
• Шамадан тыс ашуланшақтық
• Көңіл-күйдің төмендеуі;
• Ұйқы бұзылыстары;
• Синтетикалық есірткіні қабылдауды бақылауды жоғалту;
• Дозаның бастапқы мөлшерінен 2–3 есе артуыөйткенібұрынғы дозалар эйфория сезімін тудырмайды;
• Соматикалық бұзылыстар (ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабығының күйіктері, бронх зақымдануынан болатын жөтел).

Егер синтетикалық есірткіні үздіксіз (күнделікті немесеаптасына бірнеше ретбірнеше ай бойы қолдану орын алсажоғарыда аталған белгілердің бәрі болмаса да, синтетикалық есірткіге тәуелділік синдромы диагнозынқоюға болады.

Синтетикалық есірткіні қолдануға байланыстыбұзылыстарды ерте анықтау үшін клиникалық сұхбатсауалнаматесттер сияқты скринингтік зерттеулержүргізілуі қажет.

Диагнозды растау және синтетикалық есірткіні қолдануданбас тартуды бақылау үшін химиялық-токсикологиялықәдістер қолданылады.

Синтетикалық каннабиноидтарға тәуелділік – бұл адамденсаулығына және психикалық жағдайына елеулі зиянкелтіретін ауыр әрі қауіпті жағдайОл ұзақ уақыт қолданунәтижесінде дамыпжеке тұлғаның өмір сапасынтөмендетедімінез-құлқын өзгертеді және әлеуметтікбейімделуге кері әсер етеді.

Тәуелділіктің ерте кезеңінде скринингтік тексерістержүргізіп, оны уақытында анықтау – аурудың асқынуынболдырмаудың және тиімді ем жүргізудің басты шартыболып табыладыДиагнозды нақтылау мен ем процесінбақылауда химико-токсикологиялық зерттеулер маңыздырөл атқарады.

Сондықтан да синтетикалық есірткінің зияны туралықоғамда кеңінен ақпарат таратыпалдын алу шараларынкүшейту қажетЖасөспірімдер мен жастар арасындапсихоактивті заттарды қолданудың алдын алу – бастыміндеттердің бірі болуы тиіс.

 

Мақала авторы: 

«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ   ШЖҚ  «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны дәрігер наркологыБайшалова Ж.Е. 

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.