ЖАҢАЛЫҚТАР

Алкаголизмнің артериялық қан қысымына зияны

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 16.06.2025
Оқылды: 5 Печать страницы

Алкогольдік артериялық гипертензия – бұл алкгольдіішімдіктерді шамадан тыс және тұрақты тұтынудың нәтижесінде дамитын, артериялық қысымның тұрақты жоғарылауымен сипатталатын патологиялық жағдай.

Қан қысымының жоғарылауы алкогольді қабылдау кезінде де, оның ағзадан шығарылуы кезеңінде де орын алуы мүмкін және бірнеше күн бойы сақталуы мүмкін. Қан қысымының жоғарылауының нақты ерекшеліктері алкоголь метаболизмі генотиптік ерекшеліктеріне, аурудың сатысына, қабылданған алкогольдің мөлшеріне және оны қабылдау түріне байланысты болуы мүмкін. Қан қысымының 160-200/90-100 мм сын.бағ. дейін жоғарылауы, тыныштықта 100-110 соққы/минутына тұрақты тахикардия, бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, құсу байқалады.

Аурудың ерте кезеңдерінде артериальды гипертензия тұрақсыз болады, қан қысымының қалыпқа келуі әдетте дәрі-дәрмек қолданбай-ақ жүреді. Алкогольді ұзақ уақыт бойы асыра қолданған жағдайда артериальды гипертензия тұрақты болып, нысаналы мүшелерге: жүрекке, бүйректерге, миға, көздің тамырларына зақым келтіруі мүмкін. Алдымен сол жақ қарыншаның гипертрофиясы мен тамырлардың өзгерістері байқалады. Келешекте миокард инфарктісі, геморрагиялық инсульт сияқты асқынулардың дамуы мүмкін.

Жалпы алкогольді гипертензия үшін гипертониялық кризтән емес. Дегенмен, делирийге дейінгі кезеңде гипертониялық энцефалопатия жағдайы дамуы мүмкін. Ұйқының бұзылуы мен көңіл-күйдің төмендеуі белсенді қозу күйімен ауысады. Қан қысымының едәуір жоғарылауы (200-220/100-120 мм сын.бағ.) байқалады, қатты бас ауруы, жүрек айну, көз алдында шыбындардың қалқуы сияқты белгілер байқалады. Қысқа уақыт ішінде көп мөлшерде спирттік ішімдік қолданғаннан кейін  қан қысымының біртіндеп төмендеуі байқалады. 

Алкогольдік артериялық гипертензияның белгілері:

Бет қызаруы  , қолдың дірілдеуі , қозғалыс координациясының бұзылуы , жүректің шекараларының  солға қарай ұлғаюы байқалады. Аускультация кезінде жүректе систолалық шуыл , аорта үстіндегі екінші тонның акценті байқалады. 

Лабораторлы белгілері :

Алкогольдік артериялық гипертензияның арнайы лабораторлы белгілері жоқ. Созылмалы алкогольдік интоксикация салдарынан болатын интоксикация белгілері байқалуы мүмкін. Оған эритроциттердің шөгу жылдамдығының ұлғаюы , биохимиядв  АЛТ және АСТ мөлшерінің ұлғаюы байқалады.

Алкогольдік артериялық гипертензияны емдеу мақсаттары 

-Алкоголизмнің алғашқы сатысында алкогольді қолдануды тоқтатса , алкогольдік артериялық гипертензияның алдын алуға болады. Емнің негізгі мақсаты – қан қысымын қалыпты жағдайға түсіру болып табылады. Сонымен қатар , алкоголь зақымдайтын негізгі ағза мүшелерінің асқынып кетіуінен сақтау болып табылады.

Алкогольдік гипертензияны емдеу үшін учаскелік терпевт пен дәрігер наркологтың кеңесіне міндетті түрде жүгіну керек. Өз еркімен дәрігердің көмегінсіз ем алу көптеген асқынуларға алып келуы мүмкін.

Алкогольдің ұзақ уақыт бойы қолданылуы нейрогуморальды, тамырлық және метаболикалық өзгерістер арқылы артериялық қысымның жоғарылауына әкелетіні дәлелденген. Алкогольді тұтынуды азайту немесе толық тоқтату қан қысымын тұрақтандыруға және жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының қаупін төмендетуге ықпал етеді. Алкогольге тәуелділік пен гипертонияның кең таралуын ескере отырып, артериялық гипертензияны емдеуде алдын алу, скрининг және өмір салтын өзгертуге ынталандырудың маңызы зор.

Ұлт болашағы – дені сау ұрпақта. Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда !

 

Мақала авторы: 

«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны дәрігер наркологы Құдайбергенова Салтанат Галымжановна

Синтетикалық есірткілердің салдарынан болатын психоздар

Синтетикалық есірткілер психоздық бұзылыстардың дамуына жиі себеп болатын заттар ретінде белгілі. Халықаралық әдебиеттерде синтетикалық есірткілер қолдану аясында сандырақ немесе галлюцинациялар дамуының жиілігі жоғарыСинтетикалық есірткілердіқолдануға байланысты психоздық симптомдар психомоторлық қозу, қудалау сандырағы түріндегі бұзылыстар, вербалды, визуалды және тактильді галлюцинациялармен сипатталады. Синтетикалық есірткілерді қолдану нәтижесінде пайда болатын галлюцинаторлық және сандырақтық бұзылыстармен жүретін психоздар, көбінесе, сандырақтық немесе шизофрения тәрізді түрде өтеді. 

 

Сандырақтық формадағы психозды үш кезеңге бөлуге болады: продромальды кезең, психоздың тікелей кезеңі және психоздың шешілу кезеңі. Көбінесе бұл жағдайлар «марафон» соңындағы әлсіреу фонында немесе бірнеше күннен кейін дамиды.

Продромальды кезең күдікшілдік, мазасыздық, ашушаңдық, тынышсыздық және астениямен сипатталады. Бұл симптомдардың айқындылығы стимуляторлық «марафон» аяқталған кездегі барлық науқастарға тән күймен ұқсас болып келеді.

Жетілген психоз кезеңіне өту әдетте қудалау сандырағы , тонау сандырағы , өмірге қауіп төну сандырақ ойлары байқалады. Бұл жағдай өткір сандырақпен сипатталады, оның аясында елестер немесе галлюцинацияларкездеседі.

Мақала авторы: 

«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны дәрігер наркологы Құдайбергенова Салтанат Галымжановна

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.