ЖАҢАЛЫҚТАР

ТАҢЫМЫЗ ВЕЛОШЕРУМЕН БАСТАЛДЫ

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 19.06.2025
Оқылды: 67 Печать страницы
ТАҢЫМЫЗ ВЕЛОШЕРУМЕН БАСТАЛДЫ

Бүгін 26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орай айлық аясында «Денсаулыққа сәлем! Нашақорлыққа жол жоқ!» атты тақырыпта облыстық велошеру өтті.

 

Шараның салтанатты ашылу рәсіміне Жетісу облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Сарқытов Саят Төлепбергенұлы, Жетісу облысы прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Адай Талғатұлы, Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция подполковнигі Исақова Меруерт Сеитовна қатысты.

Айта кетсек, аталмыш іс-шараға 80-нен астам қала тұрғындары, спортшылар мен қаламыздың белсенді жастары қатысты. Қатысушылар «Жеңіс» саябағынан бастап, белгіленген бағыт бойынша 1,5 шақырым жол жүріп өтті.

Бұл бастама — жастарды пайдалы іспен айналысуға шақырып, зиянды әрекеттерден бойды аулақ ұстауға бағытталған маңызды шаралардың бірі.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.