ЖАҢАЛЫҚТАР

Әкімдер мектебі: Нәтиже бар, бастама жалғасуда

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 27.06.2025
Оқылды: 27 Печать страницы



  Жетісу облысында ауылдық округ әкімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «AMANAT» партиясы мен Үкіметтің бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Әкімдер мектебі» жобасы аясында өңірдегі ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдері кәсіби оқудан өтті.

  Бұл бастама – ауылдық аймақтарды дамытуға бағытталған жүйелі қадам. Оқу барысында әкімдер өз жобаларын қорғап, ауылдарды өркендетуге арналған нақты даму жоспарларын ұсынды. Нәтижесінде, өңірде алғашқы оң өзгерістер жүзеге асып, тұрғындардың белсенділігі арта түсті.

  Жоба аясында 2025–2029 жылдар аралығында Жетісу облысында 108 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланып отыр. Оның ішінде 20 кооператив биыл жеті ауданда іске қосылмақ. Қазіргі таңда осы кооперативтермен бірлескен жұмыс басталып, нақты шаралар қолға алынған.

  Кооперативтерді құру барысында әр жоба жан-жақты сарапталуда. Жергілікті тұрғындарға оның тиімділігі мен мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілуде. Бұл бағытта «AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арынстанғали Қадырұлы Арын жетекшілік ететін мониторингтік топ Көксу ауданында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Атап айтқанда, кооперативтердің жұмыс бағыты, тартылатын жұмысшылар саны, кепілге қойылатын мүлік және «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ұсынылатын жеңілдіктер кеңінен баяндалуда.

  Осы бастаманың нақты жемісін ауыл тұрғындарының табысты жобаларынан көруге болады.
Кеңерал ауылының тұрғыны Ержан Рахимжанов өткен жылдың шілде айында форель балық шаруашылығын қолға алған. Қазіргі таңда ол балық өсіретін бұғатына 50 мың шабақ жіберіп, жылына 25 тоннаға дейін өнім алуды және оны нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Кәсібін одан әрі кеңейту мақсатында кәсіпкер үш гектар жерге балық өсіретін бассейндер салып, кооператив құруды көздеуде.

  Ал Балпық би ауылының тұрғыны Серік Упиев «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында құс шаруашылығымен айналысуда. Қазіргі уақытта ол үйрек, индоутка, қаз және бройлер тауықтарын өсіруде. Болашақта арнайы кооператив құрып, құс етін өңдеуге арналған толық циклды кәсіпті іске қосуды жоспарлап отыр.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.