
Кеше Талдықорған қаласында «Заң және тәртіп - сенің құқығың мен жауапкершілігің!» аттықұқықтық кездесу өтті. Шараның негізгі мақсаты - жастар арасында құқықтық мәдениеттіқалыптастыру, заңға деген құрметті арттыру жәнеазаматтық жауапкершілікті нығайту. КездесугеТалдықорған қаласы прокурорының орынбасарыХалықов Даурен Аскарұлы, бөлім прокурорларыШыңғыс Рысбек пен Арайлым Қаулыбек, қалалықполиция басқармасының аға тергеушісі АйданаБашчикулова, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің басшысы Азамат Абдильдаев қатысты.
Құқық қорғау органдарының өкілдері жастарғақұқық бұзушылықтың салдары, заң алдындағыжауапкершілік, интернеттегі алаяқтық жәнекиберқауіпсіздік мәселелері бойынша кең көлемдетүсініктеме беріп, нақты мысалдармен бөлісті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарынмамандарға қойып, ашық пікір алмасу алаңынабелсенді қатысты.
Іс-шара барысында интернет алаяқтық туралыдеректі фильм көрсетіліп, кейін Kahootплатформасы арқылы құқықтық викторина ұйымдастырылды. Бұл ойын түрінде өткен бөлімқатысушылардың құқықтық білімін тексеріп, пайдалы ақпаратты жеңіл әрі қызықты форматтамеңгеруге мүмкіндік берді.
Шара соңында ұйымдастырушылар белсенділіктанытқан жастарға алғыс білдіріп, мұндайкездесулердің жастардың құқықтық санасынқалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атапөтті.