
АУДАНДЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБЫ УЫЗ МАЙ INDUSTRY ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
АЭС - тұрақты энергияның кепілі
АЭС салуды қолдау мақсатында Көксу аудандық Халықтық штаб Уыз Май Industry ұжымымен кездесу өткізді.
АЭС салуды қолдау жөнінде аудандық Халықтық штаб мүшелері Бейсенов Мәлік Аманбайұлы және Гаджиев Курбан Гадживалевич өндіріс ұжымымен кездесіп пікірлесті.Онда Мемлекет басшысының Жолдауындағы халықтың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістер мен АЭС-тің стратегиялық маңызын атап өтті.
Штаб мүшелері атом энергетикасының парниктік газдардың шығарындыларын азайтуға және Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетінін түсіндірді.
Жиынға қатысушылар атом электр станцияларының заманауи қауіпсіздік шараларымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Болашағына сенімді.