Қыркүйектің екісі күні яғни, бүгін Мемлекет басшысы Жолдау жасады. Бәріне тоқталып, ескертпелермен алдағы жоспарларды айқындап берді. Соның ішінде «Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет.
Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты» деп Мемлекет басшысы жауапты мамандарға ерекше тапсырған берді.
Иә, әскери бөлімде орын алып жатқан жағдайлар жаға ұстатарлық. Себебі анықталмаған оқиғалардың алдын алу үшін атын атап, түсін түстеп тапсырма берілгені дұрыс болды. Жалпы, Президентіміз білімді де біліктілігін әркез көрсетіп отырады. Биылғы Жолдаудан кейін жастардың Отан алдындағы борышын еш кедергісіз өткізеді деп сенемін.
Қуаныш МҮСЛІМҰЛЫ,
"Jetisu jastary" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Koksu jastary" филиалының жетекшісі.