
Бүгін кеңес мүшелерімен АЭС салудың маңызы мен артықшылығы талқыланды. Іс-шараға аудандық халықтық штабтың мүшелері қатысты.Кеңес мүшелері АЭС салу бойынша өз пікірлерін ортаға салып, сауалдарын қойды. Халықтық штаб мүшелеріне түсіндіру жұмыс жүргізгендері үшін өз алғыстарын білдірді.
Айта кетсек, атом энергетикасы әлемдегі ең тәртіпті сала болып табылады, себебі қателік құны өте жоғары. Атом электр станцияларын жобалау және салу кезінде техникалық МАГАТЭ (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) секілді беделді халықаралық ұйым бақылайды, бұл қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады. Бұл ұйым 67 жылдың ішінде сыбайлас жемқорлық жанжалдарында байқалмаған. Атом электр станцияларын салу көп миллиард долларлық және ұзақ мерзімді бизнес екенін ескеру қажет, сондықтан нарық субъектілерінің беделі өте құнды.
Кеңес мүшелері АЭС салу мемлекетіміздің болашағы үшін қарышты қадам екенін атап өтіп, қолдайтындықтарын білдірді.