Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі жолдауы елімізге серпіліс берді. Қаншама мәселе шешімін тапты. Қанша игі бастамаларға жол ашылды. Президентіміз басты мақсат азаматтардың табыс деңгейін арттыру деп айта кетті. Оның ішінде 2025жыл «Жұмысшылар жылы» деп жариялады. Ол дегеніміз таза маңдай тер төгіп қара жұмыс жасайтын қарапайым жандардың жағдайын жасауы. Президенттің айтуынша бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Енді оның аясын кеңейту керек. Президент Жолдауы шеңберінде алда атқарылар жұмыс көп, ол бойынша іс-шаралар жоспары жасалатыны да заңды. Атап айтқанда биылғы жылы атом элекр станциясын салуға қатысты өзекті мәселені қозғап отыр. Мемлекетіміздің бүгінгі және алдағы уақытта атқаруға тиісті іс-әрекетіне бағдар ретінде ерекше ықыласпен қабылдаған Жолдауды мұқият тыңдап шықтық. Атом электр станциясының құрылысы бізге үлкен өзгеріс әкелді. Еліміздің болашағы - жас ұрпақты қорғау, оларға дұрыс бағыт беру аға ұрпақтың жауапкершілігінде. Жолдауда айтылғандай, балаларға қатысты қылмыстардың жазасы күшейтіліп, қылмыскерлерге кешірім болмайды деп атап айтты. Бұл баласы үшін уайым кешкен әрбір ата-ана үшін мықты қолдау болатынына сенімдімін. Еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, еңсесі биік, тұтқасы берік еліміздің алға қойған мақсаттары орындалсын деген тілек үстіндеміз.
Мөлдір БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,
Алғабас ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы